Канело 20 жылдық мансабын жаңа шыңмен жалғастырмақ

Сауль «Канело» Альварес

Сауль «Канело» Альварес. Фото: Getty Images

Мексикалық бокс аңызы Сауль «Канело» Альварес (62–2–2, 39 КО) биыл қазан айында кәсіпқой рингтегі 20 жылдығын атап өтпек. 15 жасында алғашқы жекпе-жегін өткізген боксшы бүгінде әлемдік бокстың жарық жұлдызына айналды. Қазіргі таңда оның есебінде 66 жекпе-жек және бірнеше әлемдік белбеу бар. 34 жастағы Альварес әзірге спорттан кетуді ойламайды.

Riyadh Season жобасымен жасасқан келісімшартқа сәйкес, Канело алдағы уақытта тағы төрт жекпе-жек өткізуі тиіс. Алғашқысы 3 мамырда Эр-Рияд қаласында өтеді. Онда ол жеңіліп көрмеген кубалық Уильям Скуллмен (23–0, 9 КО) жұдырықтасады. Бұл жекпе-жекте IBF, WBA, WBC, WBO және The Ring титулдары сарапқа салынады.

Егер Канело жеңіске жетсе, келесі қарсыласы Теренс Кроуфорд болуы мүмкін. Бұл мегажекпе-жек 13 қыркүйекке, Лас-Вегасқа жоспарланған. Альварес өзін бұрынғыдан да мықты сезінетінін айтып, карьерасын кемі 37 жасқа дейін жалғастыруы мүмкін екенін жеткізді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 19:43 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы допингтің барын растады
20 Янв - 17:14 Бокс
Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің көшін бастап тұр, алайда чемпиондық жекпе-жек әлі өтпеді
17 Янв - 18:01 Бокс
ESPN салмақ дәрежесіне қарамастан әлемдегі үздік боксшылар рейтингін жаңартты
13 Янв - 15:45 Бокс
Қазақстандық боксшы кәсіби спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
13 Янв - 13:22 Бокс
Райан Гарсия WBC чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді
13 Янв - 09:55 Бокс
Қайрат Сәтжановтың қызы әкесінің қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді
12 Янв - 09:01 Бокс
Бек Нұрмағанбет келесі жекпе-жегінің наурыз айына шегерілгенін хабарлады
11 Янв - 09:11 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының допинг ісі бойынша тыңдау 2026 жылдың қаңтарына белгіленді
09 Янв - 12:55 Бокс
Бекзад Нұрдәулетов боксшы ретіндегі мансабын аяқтағанын мәлімдеді
06 Янв - 17:20 Бокс
Энтони Джошуа кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтады