Инсайдер: Әлімханұлы – Адамес жекпе-жегі өтпейді

Жанибек Алимханулы

Жанибек Алимханулы. Фото: Boxing News 24

Доминикандық-америкалық инсайдер Broadway Joel орта салмақтағы әлем чемпиондары Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адаместің жекпе-жегі болмайтынын хабарлады, деп жазады Pin-UpSport.kz.

Бұған дейін Әлімханұлы әлеуметтік желіде келесі кездесуіне қатысты маңызды жаңалық жариялайтынын айтқан еді. Алайда инсайдер мәліметінше, ол Адамеспен емес. «Менің білуімше, Адаместің жоспарланған жекпе-жегі жоқ. Ал егер Әлімханұлына қарсылас табылса да, өкінішке қарай, ол Адамес болмайды», — деді Broadway Joel.

Еске сала кетсек, қазақстандық боксшы 5 сәуір күні Астанада француз Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутпен жеңген болатын. Қазір екі чемпион да АҚШ-та жаттығу өткізіп жүр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру