Хамза Шираз операциядан кейін рингке оралатын уақытын айтты

67062f4d0f3ee289660810

WBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Хамза Шираз келесі жекпе-жегін қараша айының соңында немесе желтоқсанның басында өткізуді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда британиялық боксшы оң қолына жасалған операциядан кейін қалпына келу кезеңінен өтіп жатыр, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

«Жақын арада ораламын деп үміттенемін. Қазір қолыма жасалған операциядан кейін қалпыма келіп жатырмын. Қараша айының соңында немесе желтоқсанның басында рингке қайта аламын деп ойлаймын», – деді Шираз журналистермен әңгіме барысында.

Боксшы қолын шілде айында Симон Цахенхуберге қарсы өткен жекпе-жекте жарақаттап алған. Соған қарамастан Шираз 12 раундтың барлығын өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Британиялық спортшының айтуынша, жарақат екінші немесе үшінші раундта қарсыласының басының жоғарғы бөлігіне соққы жасаған кезде пайда болған. Жекпе-жектен кейін чемпионға хирургиялық операция жасалды.

Тамыз айында WBO Ширазға чемпиондық белбеуін Жәнібек Әлімханұлына қарсы міндетті түрде қорғауды тапсырды. Алайда боксшылардың командалары жекпе-жек шарттары бойынша ортақ келісімге келе алмады. Осыған байланысты ұйым промоутерлік сауда өткізуді белгіледі. Ал 2024 жылы жағдай керісінше болған еді – сол кезде Әлімханұлы орта салмақтағы WBO чемпионы болса, Шираз міндетті үміткер атанды. Британиялық боксшы промоутерлік саудаға қатысудан бас тартып, нәтижесінде екі боксшының жекпе-жегі өтпей қалды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар