Головкин мен Мейвезер жұдырықтаса ма? DAZN-ның жазбасы жанкүйерлерді дүр сілкіндірді

Геннадий Головкин

Геннадий Головкин

DAZN стриминг қызметі Instagram-да Геннадий Головкин мен Флойд Мейвезердің суретін жариялап, «Сіз қалай жеңгіңіз келеді?» деген сұрақ қойды. Бұл жазба бокс жанкүйерлерінің қызу талқысына түсті.

Әзірге ресми ақпарат жоқ, бірақ DAZN-ның мұндай қадамы промоутерлердің ықтимал қызығушылығын білдіруі мүмкін. Бұл платформа бұрыннан үлкен бокс кештерін ұйымдастырып келеді, сондықтан олардың Головкин мен Мейвезер жекпе-жегін өткізу ойында болуы ғажап емес.

Мейвезер кәсіби мансабын 2017 жылы Конор Макгрегорды жеңгеннен кейін аяқтаған. Бірақ содан бері бірнеше шоу-айқастар өткізіп, көпшіліктің назарын өзіне аударып жүр. Мұндай жекпе-жектер статистикаға кірмегенімен, олар көрермендерді қызықтыратыны анық.

Головкин болса, мансабын аяқтағаны жайлы ресми мәлімдеме жасаған жоқ, бірақ соңғы жылдары айқас өткізбеді. Сондықтан екі аңыздың кездесуі мүмкін деген ой шындыққа жанасады, алайда әзірге бұл жай ғана болжам.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
07 Мар - 16:00 Бокс
Сұлтан Заурбек WBO рейтингінің үздік 15 боксшысы қатарынан шығып қалды
05 Мар - 13:00 Бокс
Тайсон мен Мэйвезер жекпе-жегінің жоспарланған күні өзгеруі мүмкін
28 Фев - 13:40 Бокс
Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев ESPN рейтингінің үздік ондығынан шықты
28 Фев - 10:29 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының ісі бойынша IBF шешімі жақын күндері жариялануы мүмкін
27 Фев - 20:11 Бокс
Алты қазақстандық бұрымды боксшы Странджа кубогының жартылай финалына өтті
27 Фев - 12:08 Бокс
Дензел Бентли Жәнібек Әлімханұлын уақытша титулдарынан айыру керек деп санайды
26 Фев - 12:16 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы екінші мәрте жазаланды
25 Фев - 20:00 Бокс
«Странджа» турнирінде қазақстандық бауырлар арасындағы жекпе-жек өтпеді
25 Фев - 08:46 Бокс
Данияр Елеусінов 5 сәуірде Zuffa Boxing лигасында жекпе-жек өткізеді
21 Фев - 17:17 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы дисквалификация аяқталған соң рингке оралуды жоспарлап отыр