Футболдан әлем чемпионын 250 миллион теңгеге тонап кетті

izobrazhenie whatsapp 2025 02 18 v 16.01.06 1c5bc5cd

Оливье Жиру

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында Франция құрамасының бұрынғы шабуылшысы Оливье Жирудың үйін тонап кетті.

Ақпарат көздерінің мәліметінше, 5 ақпанда футболшының жары полицияға хабарласқан. Ол үйдегі терезенің сынғанын байқап, бірден құқық қорғау органдарына жүгінген.

Ұрланған заттардың ішінде 10-нан аса қымбат сағат бар екені анықталды. Шығын көлемі шамамен 500 мың долларды (250 миллион теңге) құрайды. Қазір полицейлер ұрыларды іздестіріп жатыр.

38 жастағы Жиру 2024 жылдың шілдесінен бері «Лос-Анджелес» клубында ойнайды. Бұған дейін ол «Милан», «Челси», «Арсенал», «Монпелье», «Тур» және «Гренобль» клубтарының намысын қорғаған.

Оливье Жиру — Франция құрамасының тарихындағы ең үздік сұрмерген. Ол 2018 жылы әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ, 2022 жылғы әлем чемпионаты мен 2016 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру