Модричтің «Реалдағы» болашағы «бұлыңғыр»

Лука Модрич

CA Osasuna v Real Madrid CF - La Liga EA Sports

Мадридтік клубтың 39 жастағы хорват ойыншысының келісімі 2024/25 маусымының соңына дейін ғана жарамды. Алайда оның ұзартылуы екіталай. Қазан айында жартылай қорғаушы 40 жасқа толады.

Nogomania порталы мексикалық БАҚ-қа сілтеме жасап, Модричтің мансабын «Монтеррей» клубында жалғастыруы мүмкін екенін жазды.

Бұл трансферге жақында ғана мексикалық клубпен келісімшартқа отырған Серхио Рамос көмектесуі мүмкін.

Модрич «Монтеррей» сапына маусым айының басында, клубтық әлем чемпионаты қарсаңында қосылуы ықтимал.

Айта кетейік, Лука Модрич «Реал» сапында ең көп жүлде жеңген футболшы саналады. Оның еншісінде 28 трофей бар, оның ішінде 5 рет Чемпиондар лигасын, 3 рет Ла Лига мен бірнеше клубтық әлем чемпионатын ұтқан.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру