Футболдан әлем чемпионаты: 13 маусымдағы ойындар күнтізбесі

Фото: LightRocket

Чемпионат мира

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының екінші ойын күнінде турнир қожайындарының тағы екеуі жарысқа қосылады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Өз алаңындағы әлем біріншілігін Канада мен АҚШ құрамалары бастайды.

Бұған дейін турнирдің ашылу матчында үшінші қожайын ел – Мексика құрамасы өнер көрсетіп үлгерді. Мексикалықтар алғашқы кездесуде Оңтүстік Африка Республикасын 2:0 есебімен жеңді. Енді жанкүйерлер назары өз алаңында өнер көрсететін Канада мен АҚШ құрамаларына ауады.

Қазақстан уақыты бойынша екі кездесу де 13 маусымда өтеді. Түнгі 00:00-де В тобындағы Канада құрамасы Босния және Герцеговинамен кездеседі. Матч Торонтодағы «Бимо Филд» стадионында ұйымдастырылады. Ал таңғы 06:00-де D тобындағы АҚШ құрамасы Парагвайға қарсы алаңға шығады. Бұл ойын Инглвуд қаласындағы «Соу-Фай» аренасында өтеді.

Аталған матчтар Канада мен АҚШ құрамалары үшін ӘЧ-2026 аясындағы алғашқы кездесулер болмақ. Екі ойын да «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. АҚШ, Канада және Мексика қабылдап отырған әлем чемпионаты тарихта алғаш рет 48 құраманың қатысуымен өтіп жатыр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
11 Сен - 12:05 Футбол
Максим Самородовтың «Спартакқа» ауысуы медициналық тексерістен кейін тоқтады
11 Сен - 10:45 Футбол
ПСЖ көш бастады, «Реал» мен «Арсенал» алғашқы ондыққа кірмеді
11 Сен - 09:15 Футбол
Стас Покатилов «Манчестер Юнайтедке» қарсы матчта капитан болып шықты
10 Сен - 12:05 Футбол
ПСЖ Чемпиондар лигасындағы жаңа маусымды ірі жеңіспен бастады
10 Сен - 09:15 Футбол
Роналду гол соқты: «Әл-Наср» кезекті жеңісіне жетті
09 Сен - 16:25 Футбол
Киву «Реалдан» жеңілгеннен кейін «Интердің» мінезін атап өтті
09 Сен - 13:45 Футбол
«Бетис» «Лилльді» жеңіп, Чемпиондар лигасын сәтті бастады
09 Сен - 12:05 Футбол
«Реал» Лига чемпиондарындағы алғашқы ойынында «Интерді» жеңді
09 Сен - 10:45 Футбол
Сатпаевсыз «Бернли» Чемпионшиптегі алғашқы жеңісіне жете алмады
09 Сен - 09:15 Футбол
«Қайрат» футзалдан Қазақстан чемпионатының жаңа маусымына құрамын жасақтады