Эвелина Ежова Ташкенттегі Challenge Cup кезеңінде алтын алды

Эвелина Ежова

Қазақстан құрамасының спорттық гимнастикадағы өкілі Эвелина Ежова Ташкентте өткен Challenge Cup кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Қазақстандық гимнаст қыз бөрене жаттығуында үздік нәтиже көрсетті. Финалда Ежова 12,850 ұпай жинап, алтын медаль иеленді.

Күміс жүлдені хорватиялық Тина Зельчич жеңіп алды — 12,650 ұпай. Ал өзбекстандық Дилдора Арипова 12,450 ұпаймен қола медальға қол жеткізді.

24 мамыр күні Қазақстан қоржынына тағы екі медаль түсті. Дияс Тойшыбек кермедегі жаттығуда күміс жүлдегер атанса, Алтынхан Темірбек тіреп секіруде қола медаль жеңіп алды.

Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынында турнир қорытындысы бойынша бес жүлде бар. Бұған дейін Эмиль Ахмеджанов еркін жаттығуда алтын алса, Дияс Тойшыбек ат снарядындағы жаттығуда қола жүлдеге ие болған еді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
01 Сен - 15:05 Басқа
Раиса мен Олег Соколенко Польшадағы конкур турнирінде үш медаль жеңіп алды
26 Авг - 15:05 Басқа
Қазақстандық спорттық құзға өрмелеушілер Азия чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды
26 Авг - 10:45 Басқа
Бибісара Асаубаева Франциядағы WR Women’s Chess Tour кезеңінде рапидтен жеңімпаз атанды
25 Авг - 10:45 Басқа
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының топтық кезеңін екі жеңіліспен аяқтады
24 Авг - 15:05 Басқа
Қазақстан құрамасы волейболдан Азия чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді
24 Авг - 13:45 Басқа
Қазақстандық тоғыз таеквондошы әйелдер арасындағы ашық әлем чемпионатында өнер көрсетеді
24 Авг - 08:30 Басқа Күрес
Қазақстан құрамасы кадеттер арасындағы әлем чемпионатының командалық финалына алғаш рет шықты
21 Авг - 13:45 Басқа
Қазақстандық таеквондошылар President’s Cup турнирінде екі алтын медаль жеңіп алды
21 Авг - 12:05 Басқа
Қазақстандық таеквондошылар President’s Cup турнирінде екі алтын медаль жеңіп алды
20 Авг - 15:05 Басқа
Қазақстан құрамасы Қытайдағы әлемдік серия кезеңіне қатысады