Ержан Залилов Тәжікстанда рингке қайта оралады

Ержан Залилов

Ержан Залилов. Фото: RCC Boxing

Қазақ боксшысы Ержан Залилов (13-4-2, 7 КО) 23 мамырда Тәжікстанның Душанбе қаласында өтетін IBA.PRO 6 турнирінде шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы — әлі жеңілмеген, бес жекпе-жекте де нокаутпен жеңген тәжік боксшысы Акмаль Убайдов (5-0, 5 КО).

Ержан 2022 жылдың шілдесінен бері рингке шықпаған еді. Ол соңғы рет ресейлік Армен Атаевпен (8-8-1, 4 КО) жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіліп қалған.

Ал Убайдов соңғы рет 2023 жылдың қазан айында өзбекстандық Темур Қушақовпен (4-2, 2 КО) жұдырықтасып, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру