Дзюдошы Аруна Жангельдина Қытайдағы Азия чемпионатында қола медальға ие болды

Аруна Жангельдина, дзюдо

Қазақстан құрамасының дзюдошысы Аруна Жангельдина Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында үшінші орын үшін өткен белдесуде жеңіске жетті.

78 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық спортшы қола жүлде үшін Тайбэй өкілі Ван Цзесимен белдесті.

Негізгі уақыт ұпайсыз аяқталды. Кейін қарсыласы үшінші ескерту алып, соның нәтижесінде Жангельдина жеңімпаз атанды.

Осылайша, Аруна Жангельдина Қазақстан құрамасына Азия чемпионатындағы бесінші медальді сыйлады.

Бұған дейін Әділет Алмат (81 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алған. Ал Эсмигүл Куюлова (63 келіге дейін), Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін) және Айдар Арапов (90 келіге дейін) қола жүлдегер атанған.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
04 Сен - 17:55 Басқа Күрес
Ернұр Сүлеймен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен алтын медаль жеңіп алды
29 Авг - 21:03 Күрес
Лозаннадағы Grand Slam: дзюдошы Абылайхан Жұбаназар алтын жүлдегер атанды
28 Авг - 08:03 Күрес
Қазақстан еркін күрестен Армениядағы халықаралық турнирде алты медаль жеңіп алды
24 Авг - 08:30 Басқа Күрес
Қазақстан құрамасы кадеттер арасындағы әлем чемпионатының командалық финалына алғаш рет шықты
19 Авг - 17:15 Күрес
Қазақстан құрамасының Будапешттегі Grand Slam турниріне алдын ала құрамы белгілі болды
07 Авг - 17:23 Күрес
Дзюдодан Швейцариядағы Grand Slam: Қазақстан құрамасының тізімі
20 Июл - 12:53 Күрес
Қазақ дзюдошылары жастар арасындағы Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды
20 Июл - 11:12 Күрес
Қазақстан балуандары Венгриядағы рейтингтік турнирде үш медаль жеңіп алды
07 Июл - 11:43 Күрес
Бейбарыс Сұлтан дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогының күміс жүлдегері атанды
06 Июл - 14:04 Күрес
Қазақстандық балуандар күрестен U20 Азия чемпионатын 18 медальмен аяқтады