Дастан Сатпаев «Челси» ойыншысы ретінде ресми тіркелді

Дастан Сатпаев

Англия Премьер-лигасы қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаевты «Челси» ойыншысы ретінде ресми таныстырды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

18 жастағы футболшының профилі Англия Премьер-лигасының ресми сайтында пайда болды. Бұған дейін лондондық клуб қазақстандық шабуылшыны 2026/27 жылғы маусымға өтінімге енгізген болатын. Сатпаев «Челси» сапында 36-нөмірмен өнер көрсетеді. Осылайша, шабуылшы жаңа маусым алдында клубтың толыққанды ойыншысы ретінде ресми мәртебеге ие болды.

Сатпаев «Челси» клубына алматылық «Қайраттан» ауысты. Transfermarkt мәліметінше, трансфердің негізгі құны 2,4 миллион еуроны құрайды. Келісімде қарастырылған түрлі бонустарды есептегенде, жалпы трансфер сомасы 4,3 миллион еуроға дейін жетуі мүмкін. Бұл ауысым Қазақстан футболындағы ең қымбат трансфер атанды.

Сатпаев «Челси» ойыншысы атанғанын 12 тамызда, 18 жасқа толған күні ресми түрде бекітті. Оған дейін кәмелетке толмағандықтан, трансферді толық рәсімдеу мүмкін болмаған. Енді қазақстандық шабуылшы мансабын Англия Премьер-лигасында жалғастырып, жаңа маусымға Лондон клубының толыққанды ойыншысы ретінде дайындалады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру