Данияр Елеусінов Дана Уайттың промоушенімен келісімшартқа отырды

Данияр Елеусинов

Данияр Елеусинов

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (12-0, 7 КО) UFC президенті Дана Уайттың жаңа бокстық лигасына қосылған алғашқы қазақ спортшысы атанды.

Бұл туралы All Stars Boxing өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Данияр Елеусінов – Дана Уайттың жаңа бокстық промоушеніндегі алғашқы қазақстандық», – делінген мәлімдемеде.

Бұған дейін Турки Аль аш-Шейх TKO Boxing атты элиталық бокс лигасының құрылатынын жариялаған болатын. Бұл жобаға Дана Уайт та атсалысып, бокстың дамуына жаңа серпін бермек.

Айта кетейік, Турки Аль аш-Шейх Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өтетін спорттық және мәдени шараларды ұйымдастыруға жауапты тұлға. Ол соңғы жылдары әлемдік деңгейдегі бокс кештерін өткізумен танымал.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Окт - 17:00 Бокс
Әлімханұлы Адаместің Zuffa Boxing-пен келісіміне қатысты пікір білдірді
10 Окт - 08:24 Бокс
WBO Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегін ресми растады
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
09 Окт - 09:15 Бокс
АҚШ-та Якоб Банктің Жәнібек Әлімханұлына қиындық туғызуы мүмкін екені айтылды
08 Окт - 09:04 Бокс
Boxingnews24 Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін ықтимал жекпе-жегіне баға берді
07 Окт - 16:00 Бокс
Айдос Тастаев Үндістанда UBO Continental белбеуін жеңіп алды
05 Окт - 09:35 Бокс
Виктор Теміров кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді
02 Окт - 16:00 Бокс
Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
02 Окт - 12:05 Бокс
WBA рейтингінде төрт қазақстандық боксшы өз орындарын сақтады
30 Сен - 13:45 Бокс
Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы жекпе-жектерден кейін World Boxing ұйымына хат жолдады