Бублик рейтингте жоғарылады, Синнер көш бастап тұр

Александр Бублик

Александр Бублик. Фото: Getty Images

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингті жариялады. Жоғарғы сатыда италиялық Янник Синнер қалып отыр — ол Римдегі финалда жеңілсе де, көш басынан түскен жоқ. Сол турнирдің жеңімпазы Карлос Алькарас екінші орынға көтерілсе, Александр Зверев үшінші орынға ығысты.

Қазақстандық теннисшілер арасындағы үздік нәтиже Александр Бубликке тиесілі. Туринде өткен челленджер турнирінде топ жарған ол бірден 25 саты жоғарылап, 51-орынға жайғасты. Александр Шевченко97-ші орында. Михаил Кукушкин 163-ші, ал оның ізін ала 164-ші болып Дмитрий Попко тұр. Тимофей Скатов 10 орын төмендеп, 191-сатыға түсті.

Жұптық сында көш бастап тұрғандар – Марсело Аревало (Сальвадор) мен Мате Павич (Хорватия). Үшінші орында финн Харри Хелиоваара. Қазақстандық Александр Недовесов 14 орынға сырғып, 135-орынға тұрақтады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 20:11 Теннис
Кукушкин Оэйраштағы «Челленджер» турнирін сәтті бастады
20 Янв - 10:02 Теннис
Елена Рыбакина Australian Open турнирін сенімді жеңіспен бастады
19 Янв - 12:31 Теннис
Зарина Дияс Australian Open-2026 турнирін бірінші айналымда аяқтады
18 Янв - 18:54 Теннис
Александр Бублик Australian Open турнирінің екінші айналымына шықты
18 Янв - 17:05 Теннис
Заңғар Нұрланұлы ITF J300 Траралгон турнирінің ширек финалына шықты
18 Янв - 15:11 Теннис
Қазақстанның Дэвис кубогындағы ерлер құрамасына жаңа капитан тағайындалды
18 Янв - 11:29 Теннис
Юлия Путинцева Australian Open-2026 турнирін жеңіспен бастады
17 Янв - 14:11 Теннис
Александр Бублик Роттердамдағы ATP-500 турниріне қатысады
15 Янв - 09:40 Теннис
Australian Open-2026: қазақстандық теннисшілердің алғашқы қарсыластары белгілі болды
14 Янв - 16:11 Теннис
Анна Данилина теннистен Аустралияда өтіп жатқан ірі турнирдің финалына шығу үшін күреседі