Александр Бублик Туриндегі Челленджерде топ жарды

Александр Бублик

Александр Бублик. Фото: пресс-служба ФТК

Қазақстанның бірінші, әлемнің 76-ракеткасы Александр Бублик Турин 175 (Италия) челленджер турнирінің чемпионы атанды.

Қазақстандық теннисші соңғы бәсекеде әлемнің 73-ракеткасы, қытайлық Бу Юньчаокэтэмен чемпиондық атақты сарапқа салды. Бублик 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Александр Бублик өз спорттық жолында челленджер жарыстарындағы жетінші, топырақ төсенішіндегі бірінші титулын жеңіп алды. Қазақстандық спортшы сондай-ақ ATP 250 турнирінде үш дүркін, ATP 500 додасында бір рет чемпион атанған.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру