Бибісара Асаубаева әлем чемпионын жеңгеніне пікір білдірді

Бибисара Асаубаева

Фото: NurPhoto

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Ослода өтіп жатқан Norway Chess Women-2026 турнирінде әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюньді жеңгеннен кейін өз әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Турнирдің төртінші турында қазақстандық шахматшы мен Қытай өкілі арасындағы негізгі партия тең аяқталды. Кейін жеңімпаз «армагеддон» форматындағы қосымша партияда анықталып, онда Бибісара басым түсті.

Осы нәтижеден кейін қазақстандық спортшы жеті ұпай жинап, турнир кестесіндегі көшбасшылық орнын сақтап қалды.

Матч аяқталған соң Бибісара әлеуметтік желіде өз ойымен бөлісті.

«Сәлем, достар! Классикалық партияны тең аяқтадым, ал „армагеддонда“ жеңіске жеттім. Меніңше, бұл осы турнирдегі ең сапалы „армагеддоным“ болды. Оның үстіне, қарсыласым қазіргі әлем чемпионы еді», — деді шахматшы.

Сондай-ақ Асаубаева бұған дейін Цзюй Вэньцзюньмен рапид форматында кездесіп, ол ойында да жеңіске жеткенін атап өтті.

Norway Chess-2026 әйелдер турнирі Ослода өтуде. Жарысқа алты шахматшы қатысып, екі айналымдық жүйе бойынша бақ сынауда. Турнир 5 маусымда аяқталады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
17 Июл - 17:55 Басқа
Таеквондодан Қазақстан құрамасы командалық әлем кубогының қола жүлдесін жеңіп алды
08 Июл - 10:50 Басқа
Бибісара Асаубаева қатарынан үшінші маусымда Global Chess League турнирінде өнер көрсетеді
27 Июн - 19:54 Басқа
Бибісара Асаубаева мен Алуа Нұрман фристайл шахматынан әлем чемпионатына қатысады
26 Июн - 12:05 Басқа
Қазақстан құрамасы AVC Ұлттар кубогында Бахрейнге жол берді
24 Июн - 16:25 Басқа
Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдесі үшін сынға түседі
22 Июн - 15:01 Басқа
Астана алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатын қабылдайды
21 Июн - 12:33 Басқа
Қазақстан құрамасы каратэден Азия чемпионатында үздік үштікке енді
20 Июн - 15:39 Басқа
Виктор Друзин әлем кубогының суперфиналында күміс медаль жеңіп алды
14 Июн - 21:05 Басқа
Қытайдағы триатлоннан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынына үшінші медаль түсті
08 Июн - 13:45 Басқа
Алматы облысы жағажай самбосынан Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті