Юлия Путинцева «Ролан Гарроспен» қоштасты

Юлия Путинцева

Юлия Пут

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Франция ашық чемпионатының үшінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Әлемдік рейтингте 76-орында тұрған қазақстандық спортшы турнирдің екінші айналымында WTA рейтингінің 86-сатысындағы колумбиялық Камила Осориоға жол берді.

Тартысты өткен матч 3 сағат 30 минутқа созылып, Осорионың 7:5, 6:7, 7:5 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Айта кетейік, бұл екі теннисшінің WTA турнирлеріндегі алғашқы кездесуі болды.

Енді Камила Осорио турнирдің төртінші айналымына шығу үшін ресейлік Анна Калинскаямен кездеседі.

«Ролан Гаррос»-2026 турнирінің жалпы жүлде қоры 72,8 миллион доллардан асады. Бұл өткен маусыммен салыстырғанда шамамен 9,5 миллион долларға көп.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру