Қазақстандық дзюдошылардың үш иппоны әлемдегі үздіктер қатарына енді

1609248969 1

Халықаралық дзюдо федерациясы қазақстандық үш спортшыны 2026 жылдың үздік иппондары авторларының қатарына қосты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Үздік мерзімінен бұрынғы жеңістер қатарына Ақылжан Жұбатқан, Нұрадил Әлжан және Ғалымжан Қырықбайдың иппондары енді. Олардың нәтижелері Астана мен Душанбе қалаларында өткен Grand Slam турнирлерінен кейін жоғары бағаланды.

Астанадағы Grand Slam жарысында 66 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ақылжан Жұбатқан Гонконг өкілі Ка Ки Вонгты белдесу басталғаннан кейін небәрі тоғыз секундта иппонмен жеңді. Ал +100 келі салмақтағы Ғалымжан Қырықбай үндістандық Дхиян Сингхты 3,9 секундта иппонмен ұтып шықты.

Осының арқасында Қырықбай IJF Әлемдік туры тарихындағы ең жылдам үш иппон авторының қатарына енді.

Нұрадил Әлжан да Душанбе Grand Slam турниріндегі өнері үшін үздіктер тізіміне енгізілді. 60 келіге дейінгі салмақтағы жұбаныш белдесуінде ол өзбекстандық Мұхаммаджон Машариповты мерзімінен бұрын жеңіп, қола жүлде үшін белдесуге жолдама алған болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
07 Июл - 11:43 Күрес
Бейбарыс Сұлтан дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогының күміс жүлдегері атанды
06 Июл - 14:04 Күрес
Қазақстандық балуандар күрестен U20 Азия чемпионатын 18 медальмен аяқтады
26 Июн - 13:45 Күрес
Гусман Кыргызбаев Қытайдағы Гран-при турнирінің ширек финалына шықты
26 Июн - 10:55 Күрес
Елдос Сметов Қытайдағы Гран-при турнирін жеңіспен бастады
08 Июн - 10:55 Күрес
Қазақстан дзюдошылары Эстониядағы турнирді жүлдесіз аяқтады
06 Июн - 09:15 Күрес
Қазақстан балуандары Моңғолиядағы турнирде үш медаль жеңіп алды
02 Июн - 08:30 Без рубрики KZ Күрес
Елдос Сметов Олимпиададан кейінгі алғашқы халықаралық турниріне қатысады
01 Июн - 13:45 Күрес
Ризабек Айтмұхан әлемдегі үздік балуан атанды
29 Май - 10:01 Күрес
Қазақстандық дзюдошылардың үш иппоны әлемдегі үздіктер қатарына енді
23 Май - 08:30 Күрес
Ресми: Астанада күрес түрлерінен 2026 жылғы әлем чемпионаты өтеді