Әли Әлиев: «Жігіттер ел үшін соңына дейін ойнауы керек»

Али Алиев

Фото: Getty Images

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев Беларусьпен болатын жолдастық ойын алдында пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл кездесу бекер таңдалмаған. Себебі Беларусь те, Солтүстік Македония да үш орталық қорғаушымен ойнайды. Бұл – ресми ойын алдындағы жақсы дайындық. Сонымен қатар, бапкер құрамда бірқатар ойыншының болмауына байланысты қиындық бар екенін айтты. Роман Асранқұлов отбасындағы ауыр жағдайға байланысты командадан рұқсат алып кеткен. Рамазан Оразов, Абат Айымбетов және Әлібек Қасымның да жеңіл жарақаттары бар.

Әлиев Айбар Жақсылықовтың құрамаға өкпе қабынуымен келгенін және ол үшін Рамазан Каримов шақыртылғанын айтты. Бірақ оның да бел тұсынан жарақаты бары анықталған. Оралхан Өміртаевқа қатысты да пікір білдірген бапкер шабуыл шебінде өзіміздің ойын стиліне сай футболшылар бар екенін атап өтті. Ал Дастан Сатпаевтың жастар құрамасына өткені – оның көбірек ойын тәжірибе жинауы үшін қабылданған шешім.

Рамазан Оразовтың неге құрамадан тыс қалғаны туралы да айтылды. Әлиев бұл ойыншымен жеке сөйлесіп, шешімді түсіндіргенін жеткізді. Оның сөзінше, Оразов соңғы кезде клубында көп ойнамағандықтан тізімге енбеген. Бірақ тәжірибелі әрі қарқыны жоғары футболшы ретінде болашақта әлі де қажет екенін айтты.

Соңында Әли Әлиев өзі бас бапкер ретінде ерекше қысым сезінбейтінін, басты мақсат – құраманың әр ойынынан максимум нәтиже алу екенін атап өтті. «Бұл – ұлттық құрама. Мұнда келген әр ойыншы ел намысы үшін барын салуы керек», – деді ол.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті
19 Окт - 10:00 Футбол
«Реал» Моуриньюдің орнына Дешамды қарастырып отыр
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді