Бек Нұрмағанбет Сан-Диегода жұдырықтасады

Бек Нурмаганбет

Бек Нурмаганбет. Фото: Getty Images

Орта салмақтан жоғары санаттағы қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (14-0, 12 KO) 24 мамыр күні АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Диего қаласында келесі жекпе-жегін өткізеді.

BoxRec порталының дерегінше, оның қарсыласы — Гондурастан келген Карлос Фидель Гуйти Миранда (7-2, 3 KO). Кездесу сегіз раундқа жоспарланған. Қазақстан уақытымен жекпе-жек 25 мамыр таңертең өтеді.

Айта кетейік, Бек соңғы рет 5 сәуірде Филадельфияда шаршы алаңға шығып, костарикалық Энкарнасьон Диасты (20-6, 11 KO) бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын. Қазір ол АҚШ-та абсолют чемпион Сауль «Канело» Альвареспен бірге жаттығады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру