Бек Нұрмағанбет Мексикада жұдырықтасады

Бек Нурмаганбет

Бек Нурмаганбет. Фото: Getty Images

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет келесі кездесуін 12 шілдеде Мексиканың Кулиакан қаласында өткізеді. Ол жергілікті боксшы Хавьер Каррера Тинахеромен жұдырықтасады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

BoxRec ресурсының мәліметінше, жекпе-жек жартылай ауыр салмақта өтеді және алты раундқа жоспарланған. Қазақстан уақыты бойынша кездесу 13 шілде күні таңертең өтеді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Каррера кәсіби мансабында 15 рет жеңіп, 13 рет жеңілген. Ал Нұрмағанбет 14 кездесуінің бәрінде жеңіске жетіп, 12-сін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Бұған дейін, 25 мамыр күні Бек АҚШ-тың Сан-Диего қаласында Карлос Мирандамен (Гондурас) кездесуі тиіс еді, бірақ қарсыласының денсаулығына байланысты жекпе-жек өтпей қалды. Айта кетейік, Бек Нұрмағанбет әлемге танымал мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен бір жаттығу лагерінде болып, спарринг өткізген.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
09 Мар - 14:01 Бокс
Қазақстандық боксшы WBC рейтингінде бірінші орнын сақтап қалды
09 Мар - 09:31 Бокс
Әлімханұлы ықтимал біріктіру жекпе-жегіне дайындықты бастады
07 Мар - 16:00 Бокс
Сұлтан Заурбек WBO рейтингінің үздік 15 боксшысы қатарынан шығып қалды
05 Мар - 13:00 Бокс
Тайсон мен Мэйвезер жекпе-жегінің жоспарланған күні өзгеруі мүмкін
28 Фев - 13:40 Бокс
Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев ESPN рейтингінің үздік ондығынан шықты
28 Фев - 10:29 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының ісі бойынша IBF шешімі жақын күндері жариялануы мүмкін
27 Фев - 20:11 Бокс
Алты қазақстандық бұрымды боксшы Странджа кубогының жартылай финалына өтті
27 Фев - 12:08 Бокс
Дензел Бентли Жәнібек Әлімханұлын уақытша титулдарынан айыру керек деп санайды
26 Фев - 12:16 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы екінші мәрте жазаланды
25 Фев - 20:00 Бокс
«Странджа» турнирінде қазақстандық бауырлар арасындағы жекпе-жек өтпеді