Балауса әлем чемпионы атағына таласуы мүмкін – шешуші жекпе-жек жыл соңына жоспарланып отыр

Балауса Муздиман

Балауса Муздиман. Фото:: muzdi___/Instagram

Кәсіпқой бокстан Қазақстан намысын қорғайтын Балауса Муздиманның менеджері Уля Мусаханова Meta-ratings.kz порталына берген сұхбатында спортшының алдағы жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша, Балаусаның келесі жекпе-жегі әлем чемпиондығы атағы үшін өтуі мүмкін.

«Аздаған үзілістен соң дайындықты бастаймыз. Қараша-желтоқсан айларында титулдық жекпе-жек өткізу ойда бар. Бірақ бұл қарсыласқа, промоутерлермен келіссөздерге байланысты. Көп нәрсе біздің қолда емес», – деді Мусаханова.

Ол сонымен қатар кейде боксшының менеджерімен келісіп қойса да, оның келесі жекпе-жегі алдын ала жоспарланған болып шығатынын, ал ол ақпарат BoxRec-те әлі тіркелмегенін де атап өтті. Сондықтан команда барлық жағдайға дайын.

Айта кетейік, 5 сәуір күні Астанада өткен бокс кешінде Балауса филиппиндік Мария Тереза Пинилиді ұпай санымен жеңіп, сегіз раундтық кездесуде өз мықтылығын дәлелдеген еді. Бұл кештің басты жекпе-жегі Жәнібек Әлімханұлы мен франциялық Нгамиссенге арасында өтті.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру