Алькарас US Open турнирінде үшінші кезеңге өтті

Карлос Алькарас

Фото: The Independent

Әлемнің екінші ракеткасы Карлос Алькарас АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымында сенімді ойнап, келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Испаниялық теннисші әлемдік рейтингте 65-орында тұрған Маттия Беллуччиді 6:1, 6:0, 6:3 есебімен жеңіп, бар болғаны төрт гейм ұтқызды.

Ойын 1 сағат 38 минутқа созылды. Алькарас жеті эйс жасап, екі қос қателік жіберді және 17 брейк-пойнттың жетеуін пайдаланды. Ал Беллуччи екі эйс орындап, бір қос қателікке жол берді, бірақ бірде-бір брейк жасай алмады.

Үшінші айналымда Алькарас 23 жастағы италиялық Лучано Дардеримен (ATP рейтингінде 34-орын) күш сынасады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру