Месси «Интер Майамиді» Лига Кубогының финалына шығарды

Лионель Месси

Фото: AMA

Форт-Лодердейлдегі «Чейз Стэдиумда» «Интер Майами» мен «Орландо Сити» арасында Лига Кубогының жартылай финалы өтті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Алаң иелері 3:1 есебімен жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.

Бірінші таймның қосымша минуттарында қонақтар сапынан Марко Пашалич есеп ашты. Алайда 75-минутта Давид Брекало қызыл қағаз алып, «Орландо» бір ойыншымен қалды. Сол сәттен кейін жағдай өзгерді: бір минуттан соң Лионель Месси пенальтиден гол соқты, ал 88-минутта Жорди Альбаның пасынан дубль авторы атанды.

Қосымша уақытта венесуэлалық Теласко Сеговия Луис Суарестің ассистімен үшінші голды соғып, жеңісті бекіте түсті. Енді «Интер Майами» финалда «Лос-Анджелес Гэлакси» мен «Сиэтл Саундерс» арасындағы жеңімпазбен кездеседі.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
02 Авг - 12:17 Футбол
«Челсидің» жанкүйерлік парақшасы Уэлбектің трансфері Сатпаевқа қалай әсер ететінін бағалады
02 Авг - 08:11 Футбол
ФИФА УЕФА қарсылығынан кейін даулы жобадан бас тартты
01 Авг - 13:02 Футбол
«Арсенал» Винисиуспен келісімге келіп, «Реалға» ұсыныс дайындап жатыр
30 Июл - 23:11 Футбол
«Тобыл» пенальти сериясында жеңіске жетіп, Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты
30 Июл - 20:45 Футбол
УЕФА ФИФА турнирлеріне бойкот жариялауы мүмкін екенін мәлімдеді
29 Июл - 23:11 Футбол
«Қайрат» қатарынан екінші маусымда еурокубоктың негізгі кезеңінде ойнайды
29 Июл - 22:39 Футбол
«Қайрат» драмалық матчта Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты
29 Июл - 15:05 Футбол
ПСЖ Родри үшін «Реалмен» таласқа қосылды
29 Июл - 13:45 Футбол
«Қайрат» – «Омония» матчын қайдан көруге болады
29 Июл - 10:55 Футбол
«Ювентус» Джошуа Зиркзеені жалға алуға жақын