Актөбедегі айқас: көрерменсіз өткен кеш, нокаутпен аяқталған жекпе-жектер

Нуртас Ажбенов

Нуртас Ажбенов. Фото: azhbenov.nurtas/Instagram

25 мамыр күні Ақтөбеде кәсіпқой бокс кеші өтті. Бұл кеште екі бірдей белбеу сарапқа салынды. Айқастар көрерменсіз ұйымдастырылды.

Жеңіл салмақта Нұртас Әжбенов (16-1, 6 КО) өз отандасы Заманбек Данабековті (4-2, 2 КО) екінші раундта нокаутқа түсіріп, Қазақстан кәсіпқой бокс комиссиясының чемпиондық белбеуін иеленді.

2023 жылдан бері рингке шықпаған Айдос Медет (13-0, 9 КО) үшінші раундта Қанағат Манатұлын (6-2, 4 КО) техникалық нокаутпен жеңіп, екінші жеңіл салмақта дәл сондай белбеуді жеңіп алды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру