Әли Әлиев Қазақстан құрамасының бас бапкері атанды

Али Алиев

Али Алиев. Фото: PA Images via Getty Images

Қазақстан құрамасының тізгіні ресми түрде Әли Әлиевке берілді. Бұл жаңалықты Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман өзінің YouTube-арнасында жариялады.

Әлиев бұған дейін ұлттық құраманың уақытша бас бапкері ретінде жұмыс істеп келген. Оның жетекшілігімен құрама 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңін бастап кетті: Уэльспен кездесуде 1:3 есебімен жеңіліп, Лихтенштейнді 2:0 есебімен ұтты.

Айта кетейік, Әлиев бұл қызметке 2025 жылдың қаңтар айында тағайындалған еді. Ол Станислав Черчесовтың орнына келді. Енді ол ресми түрде ұлттық команданың бас бапкері ретінде жұмысын жалғастырады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
04 Сен - 09:15 Футбол
«Реал Сосьедад» пен «Сельта» кейінге шегерілген Ла Лига матчында жеңімпазды анықтай алмады
04 Сен - 08:30 Футбол
«Динамо» «Ахматты» ірі есеппен жеңді: Қазақстан құрамасының екі ойыншысы алаңға шықты
03 Сен - 16:25 Футбол
«Челси» Дастан Сәтпаевты жазғы трансферлік науқаннан кейін жаңа ойыншылар тізіміне қосты
03 Сен - 13:45 Футбол
Обамеянг Габон құрамасынан кететінін мәлімдеді
03 Сен - 12:05 Футбол
Стефан Эль-Шаарави 16 жылдан кейін «Дженоаға» қайта оралды
03 Сен - 10:45 Футбол
Дастан Сәтпаев «Бернли» – «Мидлсбро» матчының үздік ойыншысы атанды
03 Сен - 09:15 Футбол
«Бернли» тағы да ұпай жоғалтты: Сәтпаев командасына алғашқы жеңісті сыйлай алмады
03 Сен - 08:30 Футбол
«Крылья Советов» «Балтиканы» пенальти сериясында жеңіп, екінші орынға көтерілді
02 Сен - 17:55 Футбол
Сатпаев «Мидлсброға» қарсы ойында алаңға шығуы мүмкін
02 Сен - 15:05 Футбол
Себальос «Реалдан» кейін туған клубына оралды