Әли Әлиев Бельгиядан жеңілген соң отставқа кететінін мәлімдеді

Али Алиев

Али Алиев. Фото: PA Images via Getty Images

Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Бельгиядан 0:6 есебімен жеңілгеннен кейін қызметінен кететінін хабарлады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

«Бәріне өзім жауаптымын. Бұл – команданың кінәсі емес. Бірде-бір футболшыға тағар айып жоқ. Тағы да қайталаймын: жауапкершілік менің мойнымда. Қазақстанға оралған соң басшылыққа бірден отставка туралы өтініш жазамын», — деді Әлиев. Ол қысқа ғана мәлімдеме жасап, журналистердің сұрақтарын күтпестен баспасөз мәслихатын аяқтады.

Айта кетейік, ойын 7 қыркүйекте Брюссельде, «Андерлехт» стадионында өтті. Доп авторлары: Кевин Де Брюйне (42, 84), Жереми Доку (44, 60), Николас Раскин (51) және Тома Менье (87).

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру