Әлем чемпионы атағына екі рет таласқан Джордж Чувало 89 жасында қайтыс болды

fa6b87c28d6c09719054db0629a132c2

Супер ауыр салмақта әлем чемпионы атағына екі мәрте таласқан канадалық боксшы Джордж Чувало 89 жасында өмірден өтті. Ол 12 қыркүйекте, туған күнінде қайтыс болған. Спортшының өлімінің нақты себебі әзірге айтылған жоқ, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Чувало кәсіпқой бокстағы мансабын 1956 жылы бастап, Канаданың супер ауыр салмақтағы чемпионы атанды. Бұл атақты ол бес рет жеңіп алған. Кәсіпқой рингте 93 жекпе-жек өткізген канадалық боксшы 73 рет жеңіске жетіп, оның 64-ін нокаутпен аяқтаған. Сонымен қатар 18 рет жеңіліп, екі кездесуде тең нәтиже тіркелген. Чувало мансабында өткізген бірде-бір жекпе-жекте нокдаунға түспеген.

Канадалық боксшы әлем чемпионы атағына алғаш рет 1965 жылы таласты. Сол кезде ол америкалық Эрни Терреллмен кездесіп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіліс тапты. Бір жылдан кейін Чувало чемпиондық белбеу үшін тағы бір мүмкіндік алды. Бұл жолы оның қарсыласы аңызға айналған Мухаммед Али болды. Жекпе-жекте Али төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Чувало Мухаммед Алимен жалпы үш рет рингке шыққан. 1972 жылы өткен үшінші кездесуде де канадалық боксшы ұпай санымен ұтылды. Али Чувалоны өз мансабындағы ең төзімді қарсыластарының бірі ретінде бағалаған. Сонымен бірге Джордж Чувало Джордж Форман және Джо Фрейзер сынды америкалық ауыр салмақтағы танымал боксшылармен де жұдырықтасқан.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
08 Окт - 09:04 Бокс
Boxingnews24 Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін ықтимал жекпе-жегіне баға берді
07 Окт - 16:00 Бокс
Айдос Тастаев Үндістанда UBO Continental белбеуін жеңіп алды
05 Окт - 09:35 Бокс
Виктор Теміров кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді
02 Окт - 16:00 Бокс
Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
02 Окт - 12:05 Бокс
WBA рейтингінде төрт қазақстандық боксшы өз орындарын сақтады
30 Сен - 13:45 Бокс
Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы жекпе-жектерден кейін World Boxing ұйымына хат жолдады
30 Сен - 12:05 Бокс
Торехан Сабырхан Азия ойындарының финалына жолдама алды
28 Сен - 18:30 Бокс
Нұрбек Оралбай Азия ойындарындағы жарысын ширек финалда аяқтады
28 Сен - 13:45 Жекпе-жек Бокс
Торехан Сабырхан Азия ойындарының жартылай финалына мерзімінен бұрын жолдама алды
28 Сен - 10:45 Бокс
Алуа Балкибекова Азия ойындарының жартылай финалына шығып, медальға кепілдік берді