Абиба Әбужақынова дзюдодан әлемдік тарих жазды

Абиба Абужакынова

Абиба Абужакынова. Фото: Olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.

48 келіге дейінгі салмақта финалға дейін жеткен Әбужақынова шешуші белдесуде италиялық Ассунта Скуттомен татамиге шықты. 23 жастағы Скутто кездесу барысында жеңісті мерзімінен бұрын жұлып алды. Осылайша ол бұған дейінгі екі қола және бір күміс медаліне әлем чемпионатының алтынын қосты.

Айта кетейік, Абиба Әбужақынова – дзюдодан әлем чемпионатының финалына шыққан алғашқы қазақ қызы. Оның қоржынында енді әлем біріншілігінің үш медалі бар: бұған дейін ол екі рет үшінші орын алған.

Сондай-ақ бүгін, 13 маусым күні, 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Мағжан Шамшадин де жүлдеге жақын болғанымен, жұбаныш белдесуінде венгриялық Мартон Андрашиге жол берді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Июл - 12:53 Күрес
Қазақ дзюдошылары жастар арасындағы Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды
20 Июл - 11:12 Күрес
Қазақстан балуандары Венгриядағы рейтингтік турнирде үш медаль жеңіп алды
07 Июл - 11:43 Күрес
Бейбарыс Сұлтан дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогының күміс жүлдегері атанды
06 Июл - 14:04 Күрес
Қазақстандық балуандар күрестен U20 Азия чемпионатын 18 медальмен аяқтады
26 Июн - 13:45 Күрес
Гусман Кыргызбаев Қытайдағы Гран-при турнирінің ширек финалына шықты
26 Июн - 10:55 Күрес
Елдос Сметов Қытайдағы Гран-при турнирін жеңіспен бастады
08 Июн - 10:55 Күрес
Қазақстан дзюдошылары Эстониядағы турнирді жүлдесіз аяқтады
06 Июн - 09:15 Күрес
Қазақстан балуандары Моңғолиядағы турнирде үш медаль жеңіп алды
02 Июн - 08:30 Без рубрики KZ Күрес
Елдос Сметов Олимпиададан кейінгі алғашқы халықаралық турниріне қатысады
01 Июн - 13:45 Күрес
Ризабек Айтмұхан әлемдегі үздік балуан атанды