Али Ахмедов өз тарихындағы ең мықты бес боксшыны атады

Геннадий Головкин

Геннадий Головкин. Фото: Getty Images

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедов Sarbaz Podcast бағдарламасында тарихтағы ең үздік бес боксшыны атады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Алидің тізіміне бұрын бірге жаттыққан атақты қазақстандық боксшы Геннадий Головкин де енді. Сондай-ақ ол Мохаммед Али, Мэнни Пакьяо, Флойд Мейвезер және Шугар Рэй Леонард есімдерін атап өтті. «Оларды бірінші, екінші немесе үшінші деп бөлмеймін. Бірақ бұл менің жеке таңдаған бестігім», — деді Али.

Айта кетейік, бұған дейін Ахмедов АҚШ-та Геннадий Головкинмен бірге жаттығып, оның GGG Promotions промоутерлік компаниясын таныстырған болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру