Бангкоктағы додада қазақстандық боксшылар екі алтын еншіледі

boxing scaled

19 жасқа дейінгі қазақстандық боксшылар Таиландтың Бангкок қаласында өткен World Boxing ұйымы ұйымдастырған 2025 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатының финалдық кезеңін аяқтады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Жеті финалдық жекпе-жектің екеуінде ғана жеңіске жеткен қазақстандықтар алтын медальды Құралай Егінбайқызы мен Расул Асанхановтың арқасында еншіледі. Үш кездесу Өзбекстан боксшыларына, бір-бір жекпе-жек Үндістан мен Иран спортшыларына бұйырды.

80 келіге дейінгі салмақта Құралай Егінбайқызы үндістандық Критика Васанды, ал 90 келіде Расул Асанханов үндістандық Хемант Сангванді ұтты. Қалған отандастарымыз қарсыластарына жол берді. Бұл дода World Boxing ұйымы өткізген алғашқы жастар арасындағы Азия чемпионаты болып тарихта қалды.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру