Сұлтан Зауырбек WBO рейтингінде бір сатыға көтерілді

Султан Заурбек

Фото: Getty Images

Кәсіпқой бокстан жеңіл екінші салмақта жұдырықтасатын Сұлтан Зауырбек WBO жаңартылған рейтингінде бір сатыға жоғарылады, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.

Қазір оның есімі бұл салмақта 14-орынға жайғасқан.

Аталған дивизионда әзірге мексикалық Эмануэль Наваррете чемпион атағын ұстап тұр. Үздік үштікті филиппиндік Чарли Суарес пен Марк Магсайо, сондай-ақ жапондық Кеничи Огава түйіндеп тұр.

Еске салайық, биыл сәуірде Астанада өткен бокс кешінде Зауырбек Оңтүстік Африка өкілі Азинга Фузилені жеңіп, IBF Inter-Continental белдігін иеленген болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру