Эйндховенде өтетін додада қазақ былғары қолғап шеберлері жұдырықтасады

Абылайхан Жусупов

Абылайхан Жусупов. Фото: olympic.kz

6–9 маусым аралығында Нидерландтың Эйндховен қаласында беделді халықаралық Eindhoven Box Cup турнирі өтеді. Бұл жарыста Қазақстанның намысын он боксшы қорғайды. Олардың алғашқы қарсыластары да белгілі болды.

50 келіде Даниял Сабит – Максим Рудикпен (Украина), 55 келіде Махмұд Сабырхан – Максим Зименкомен (Украина), 60 келіде Ерхан Турдан – Расул Гулиевпен (Украина) қолғап түйістіреді.

Сондай-ақ Ертуған Зейнуллинов – Хилаль Салехпен (Швеция), Абылайхан Жүсіпов – Александр Трофимчукпен (Литва), Сабыржан Аққалықов – Орландо Холли-Сотомимен (Уэльс), Ерасыл Жақпеков – Иво Пеллебурмен (Нидерланд), Дәулет Төлемісов – Валерий Вальтер (Германия) немесе Идрис Леганаспен (Бельгия), Сағындық Тоғамбай – Дакай Альбонмен (Босния және Герцеговина), Нұрлан Сапарбай – Мервель Биндамен (Германия) күш сынасады.

Eindhoven Box Cup – жыл сайын өтетін, Еуропадағы ең танымал жарыстардың бірі. Бұл турнирге әр елдің таңдаулы былғары қолғап шеберлері қатысады. Қазақстан боксшылары түрлі салмақ дәрежелерінде жүлдеге таласады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Окт - 17:00 Бокс
Әлімханұлы Адаместің Zuffa Boxing-пен келісіміне қатысты пікір білдірді
10 Окт - 08:24 Бокс
WBO Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегін ресми растады
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
09 Окт - 09:15 Бокс
АҚШ-та Якоб Банктің Жәнібек Әлімханұлына қиындық туғызуы мүмкін екені айтылды
08 Окт - 09:04 Бокс
Boxingnews24 Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін ықтимал жекпе-жегіне баға берді
07 Окт - 16:00 Бокс
Айдос Тастаев Үндістанда UBO Continental белбеуін жеңіп алды
05 Окт - 09:35 Бокс
Виктор Теміров кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді
02 Окт - 16:00 Бокс
Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
02 Окт - 12:05 Бокс
WBA рейтингінде төрт қазақстандық боксшы өз орындарын сақтады
30 Сен - 13:45 Бокс
Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы жекпе-жектерден кейін World Boxing ұйымына хат жолдады