Сметовтың жеңіс жолы: Парижге апарар жолда спорттан кеткісі келген

Елдос Сметов

Фото: Eurosport

Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиада чемпионы Елдос Сметов жарыс қарсаңында мансабын аяқтауды ойлағанын айтты. Дзюдодан Қазақстан тарихындағы алғашқы Олимпиада жеңімпазы бұл шешімді Азия чемпионатындағы сәтсіздіктен кейін қабылдаған.

«Олимпиадаға жол қиын болды, жолдама алу оңай соқпады. Азия біріншілігінде жеңілген соң, үш ай қалғанда спортты тастаймын деп шештім. Үйге хабарласып, ата-анама айттым. Әкем: “Олимпиадаға аз уақыт қалды, бір мүмкіндік бер. Кейін өкінуің мүмкін” деді. Анам: “Саған оңай емес екенін білем, бірақ алда бір қуаныш барын сезіп жүрмін” деді. Осы сөздерден кейін менің спорттан кетуге құқым болмады. Жаттығуға қайта оралдым», – деді Сметов.

Көп күш, тер, еңбек пен қан кетсе де, Елдос айтулы жеңіске жетті. Ол енді Олимпиаданың барлық жүлдесіне ие болған қазақ дзюдошысы: Риода – күміс, Токиода – қола, Парижде – алтын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Июл - 12:53 Күрес
Қазақ дзюдошылары жастар арасындағы Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды
20 Июл - 11:12 Күрес
Қазақстан балуандары Венгриядағы рейтингтік турнирде үш медаль жеңіп алды
07 Июл - 11:43 Күрес
Бейбарыс Сұлтан дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогының күміс жүлдегері атанды
06 Июл - 14:04 Күрес
Қазақстандық балуандар күрестен U20 Азия чемпионатын 18 медальмен аяқтады
26 Июн - 13:45 Күрес
Гусман Кыргызбаев Қытайдағы Гран-при турнирінің ширек финалына шықты
26 Июн - 10:55 Күрес
Елдос Сметов Қытайдағы Гран-при турнирін жеңіспен бастады
08 Июн - 10:55 Күрес
Қазақстан дзюдошылары Эстониядағы турнирді жүлдесіз аяқтады
06 Июн - 09:15 Күрес
Қазақстан балуандары Моңғолиядағы турнирде үш медаль жеңіп алды
02 Июн - 08:30 Без рубрики KZ Күрес
Елдос Сметов Олимпиададан кейінгі алғашқы халықаралық турниріне қатысады
01 Июн - 13:45 Күрес
Ризабек Айтмұхан әлемдегі үздік балуан атанды