Елдос Сметов Испаниядағы жаттығу жиынын бастап, турнирге оралу туралы айтты

Елдос Сметов

Фото: Eurosport

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Гусман Кыргызбаев Испаниядағы оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Қазақстандық дзюдошылар шетелдегі дайындық кезеңін Бенидорм қаласында өткізіп жатыр. Елдос Сметов әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, алғашқы жаттығудың басталғанын және жақын арада ресми жарыстарға оралуы мүмкін екенін айтты.

«Бенидорм қаласында алғашқы жаттығуымызды бастадық. Бұл — шетелдегі оқу-жаттығу жиынымыз. Бұйырса, бабымызға келсек, менің алғашқы турниріме куә боласыздар», — деді Сметов.

Елдос Сметов үшін соңғы ресми жарыс 2024 жылғы Париж Олимпиадасы болып отыр. Сол турнирде қазақстандық дзюдошы тарихи алтын медаль жеңіп алған еді. Одан кейін спортшы ұзақ үзіліс алып, 2026 жылдың наурызында операция жасатып, жарақатынан қалпына келді.

Биыл мамыр айында Сметов Олимпиададан кейін алғаш рет Астанада өткен Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде татамиге шықты. Алайда ол кезде ресми белдесу емес, ұлы Омарға қарсы шоу-кездесу өткізген болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
07 Июл - 11:43 Күрес
Бейбарыс Сұлтан дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогының күміс жүлдегері атанды
06 Июл - 14:04 Күрес
Қазақстандық балуандар күрестен U20 Азия чемпионатын 18 медальмен аяқтады
26 Июн - 13:45 Күрес
Гусман Кыргызбаев Қытайдағы Гран-при турнирінің ширек финалына шықты
26 Июн - 10:55 Күрес
Елдос Сметов Қытайдағы Гран-при турнирін жеңіспен бастады
08 Июн - 10:55 Күрес
Қазақстан дзюдошылары Эстониядағы турнирді жүлдесіз аяқтады
06 Июн - 09:15 Күрес
Қазақстан балуандары Моңғолиядағы турнирде үш медаль жеңіп алды
02 Июн - 08:30 Без рубрики KZ Күрес
Елдос Сметов Олимпиададан кейінгі алғашқы халықаралық турниріне қатысады
01 Июн - 13:45 Күрес
Ризабек Айтмұхан әлемдегі үздік балуан атанды
29 Май - 10:01 Күрес
Қазақстандық дзюдошылардың үш иппоны әлемдегі үздіктер қатарына енді
23 Май - 08:30 Күрес
Ресми: Астанада күрес түрлерінен 2026 жылғы әлем чемпионаты өтеді