Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирін жеңіл қарсыласпен бастайды

Елена Рыбакина

Фото: NurPhoto

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA №12) «Ролан Гаррос-2025» турнирінің алғашқы айналымында Белинда Бенчичпен емес, аргентиналық Юлия Риерамен (№204) ойнайды. Турнир 25 мамыр күні Парижде басталады.

Бастапқыда жеребе Рыбакина мен Токио олимпиадасының чемпионы Бенчичті жолықтырған. Алайда швейцариялық спортшы жұма күні қол жарақатына байланысты жарыстан бас тартатынын мәлімдеді.

22 жастағы Риера негізгі турнирге іріктеу кезеңінен өтіп келді. Ол бұған дейін Рыбакинамен кездеспеген. Қағаз жүзінде бұл матч Елена үшін біршама жеңіл болмақ.

Айта кетейік, 24 мамыр күні Рыбакина Страсбургтегі WTA 500 финалында ресейлік Людмила Самсоновамен ойнайды. Бұл – оның 2024 жылдың сәуірінен бергі алғашқы финалы.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру