Бек Нұрмағанбеттің АҚШ-тағы жекпе-жегі соңғы сәтте өтпей қалды

Бек Нурмаганбет

Бек Нурмаганбет. Фото: Getty Images

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет (14-0, 12 KO) 25 мамыр күні Калифорния штатының Сан-Диего қаласында рингке шығуы керек еді. Қарсыласы — Гондурастан келген Карлос Фидель Гуйти Миранда (7-2, 3 KO) болатын.

Алайда Бек Instagram парақшасында жекпе-жек өтпейтінін хабарлады. Себеп — қарсыласы медициналық тексерістен өте алмаған. Қайта өткізілетін-өткізілмейтіні әзірге белгісіз.

Нұрмағанбет соңғы рет 5 сәуірде Филадельфияда жұдырықтасып, Коста-Рикадан келген Энкарнасьон Диасты (20-6, 11 KO) бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберген болатын. Айта кетейік, Бек қазір АҚШ-та Сауль «Канело» Альвареспен бір залда жаттығып жүр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Окт - 17:00 Бокс
Әлімханұлы Адаместің Zuffa Boxing-пен келісіміне қатысты пікір білдірді
10 Окт - 08:24 Бокс
WBO Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегін ресми растады
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
09 Окт - 09:15 Бокс
АҚШ-та Якоб Банктің Жәнібек Әлімханұлына қиындық туғызуы мүмкін екені айтылды
08 Окт - 09:04 Бокс
Boxingnews24 Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін ықтимал жекпе-жегіне баға берді
07 Окт - 16:00 Бокс
Айдос Тастаев Үндістанда UBO Continental белбеуін жеңіп алды
05 Окт - 09:35 Бокс
Виктор Теміров кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді
02 Окт - 16:00 Бокс
Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
02 Окт - 12:05 Бокс
WBA рейтингінде төрт қазақстандық боксшы өз орындарын сақтады
30 Сен - 13:45 Бокс
Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы жекпе-жектерден кейін World Boxing ұйымына хат жолдады