Астанада өтетін бокстан әлем кубогына негізгі құрам қатысады

66c9ed0ac1e1d914112803

Фото: Olympic.kz

Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов биыл Астанада өтетін бокстан әлем кубогына қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады. Турнир 30 маусым мен 7 шілде аралығында World Boxing ұйымының аясында өтпек.

Tengri Sport тілшісіне берген сұхбатында Сәтжанов: «Кубокта ел намысын негізгі құрам қорғайды. Олимпиаданың күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай да қатысады», – деп атап өтті.

Құрамға енгендер: Санжар Тәшкенбай (50 кг), Махмұд Сабырхан (55 кг), Серік Теміржанов (60 кг), Ертуған Зейнуллинов (65 кг), Абылайхан Жүсіпов (70 кг), Сабыржан Аққалықов (75 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Бекзад Нұрдәулетов (85 кг), Сағындық Тоғамбай (90 кг) және Айбек Оралбай (90+ кг).

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы биыл «Кіші әлем чемпионаты» саналатын «Странджа кубогында» 18 медаль жеңіп алып, үздік команда атанған болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 19:43 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы допингтің барын растады
20 Янв - 17:14 Бокс
Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің көшін бастап тұр, алайда чемпиондық жекпе-жек әлі өтпеді
17 Янв - 18:01 Бокс
ESPN салмақ дәрежесіне қарамастан әлемдегі үздік боксшылар рейтингін жаңартты
13 Янв - 15:45 Бокс
Қазақстандық боксшы кәсіби спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
13 Янв - 13:22 Бокс
Райан Гарсия WBC чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді
13 Янв - 09:55 Бокс
Қайрат Сәтжановтың қызы әкесінің қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді
12 Янв - 09:01 Бокс
Бек Нұрмағанбет келесі жекпе-жегінің наурыз айына шегерілгенін хабарлады
11 Янв - 09:11 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының допинг ісі бойынша тыңдау 2026 жылдың қаңтарына белгіленді
09 Янв - 12:55 Бокс
Бекзад Нұрдәулетов боксшы ретіндегі мансабын аяқтағанын мәлімдеді
06 Янв - 17:20 Бокс
Энтони Джошуа кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтады