«Қайрат» үнемдесе, «Ақтөбе» шашып жатыр: клубтар үкіметтен қанша қаржы алды?

Ақтөбе ФК

Фото: Ақтөбе ФК

2025 жылы Қазақстан Премьер-лигасындағы клубтарға жергілікті бюджеттен 23,44 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы Telegram-дағы «Дядя Ваня» арнасы хабарлады.

Қаржыландыру көлемі бойынша көш басында – «Ақтөбе». Клубқа 4,2 млрд теңге берілген, оның ішінде 1 млрд-тан астамы Еурокубок ойындарына арналған. Екінші орында – «Ордабасы» (3,5 млрд), ал үздік үштікті «Елімай» (2,7 млрд) түйіндеп тұр. Бұл қаржыға негізгі құраммен қоса, әйелдер және жастар футболын дамыту шығындары да кіреді.

Турнир кестесінде топ бастап тұрған «Қайрат» керісінше – ең аз қаржы алған клуб. Алматы ұжымына 750 млн теңге ғана бөлініп, ол толықтай жастар футболына бағытталған. Айта кетейік, «Астана» бұл тізімде жоқ. Себебі елордалық клубты туризм және спорт индустриясын қолдау қоры қаржыландырады – соңғы төрт жылда 24,6 млрд теңге алған.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті
19 Окт - 10:00 Футбол
«Реал» Моуриньюдің орнына Дешамды қарастырып отыр
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді