Чемпиондар лигасының финалына шығарған Марлон Веласко «Қайраттан» кетеді

Марлон Веласко

Марлон Веласко. Фото: UEFA via Getty Images

Алматылық «Қайрат» футзал клубының бас бапкері Марлон Веласко маусым соңында қызметінен кететін болды. Бұл туралы Futsalkazakhstan Instagram парақшасында хабарлады. Ақпаратқа сенсек, клуб испандық маманмен келісімшартты ұзартпаған.

Келесі маусымнан бастап Веласко Испанияның «Viña Albali Valdepeñas» клубын жаттықтырады. Ол «Қайратқа» 2023 жылдың жазында келіп, екі жылға жуық жұмыс істеді.

Осы уақыт ішінде Марлон Веласко «Қайратпен» бірге 2024 жылғы Қазақстан кубогын, 2024/25 маусымының Суперкубогын жеңіп алды. Сондай-ақ 2021 жылдан бері алғаш рет команданы Чемпиондар лигасының төрттік финалына шығарып, күміс медаль иеленді. Веласко — соңғы 20 жылда «Қайратты» бразилиялық емес бапкер ретінде басқарған алғашқы маман.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 22:20 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Брюггеге» ірі есеппен жол берді
20 Янв - 15:19 Футбол
«Реал» Винисиустың қысқы трансферде кетпейтінін мәлімдеді
20 Янв - 08:25 Футбол
Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды
19 Янв - 10:00 Футбол
«Ақтөбе» Миралем Пьяничтің ауысымы бойынша келісімге келді
19 Янв - 08:29 Футбол
Сенегал құрамасы Кубок Африка турнирінің чемпионы атанды
18 Янв - 13:00 Футбол
Нани «Ақтөбе» клубына ауысуға жақын
18 Янв - 09:25 Футбол
Ислам Чесноков дебют жасаған матчта «Хартс» Кубок Шотландиясынан шығып қалды
17 Янв - 20:21 Футбол
Килиан Мбаппе Испания чемпионатында жаңа мергендік рекорд орнатты
17 Янв - 16:00 Футбол
Криштиану Роналду 2025 жылдың ең жоғары табыс тапқан спортшысы атанды
17 Янв - 13:05 Футбол
Александр Меркель алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді