Дензел Бентли Жәнібек Әлімханұлын «Уэмблиде» реваншқа шақырды

Жанибек Алимханулы

Жанибек Алимханулы. Фото: Boxing News 24

Орта салмақтағы WBO рейтингінің көшбасшысы, британдық боксшы Дензел Бентли қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен реванш өткізгісі келетінін мәлімдеді.

Еске салайық, екі боксшы 2022 жылдың қарашасында кездесіп, ол жекпе-жекте Жәнібек төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болатын. Содан бері Бентли қайта жұдырықтасуға ниет білдіріп келген. Енді ол нақты ұсынысын айтты – 19 шілде күні Лондонда, «Уэмбли» стадионында өтетін Усик пен Дюбуа арасындағы бокс кешінде.

Бентлидің айтуынша, бәрі WBO шешіміне байланысты: ұйым оны міндетті үміткер етіп тағайындай ма, әлде промоутерлер келіссөздерді бастай ма.

«Бұл үлкен кеш болар еді. Жәнібек бұған дейін өз елінде жұдырықтасты, енді менің алаңымда өнер көрсетуіне тамаша мүмкіндік», – деді британдық боксшы.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Окт - 17:00 Бокс
Әлімханұлы Адаместің Zuffa Boxing-пен келісіміне қатысты пікір білдірді
10 Окт - 08:24 Бокс
WBO Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегін ресми растады
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
09 Окт - 09:15 Бокс
АҚШ-та Якоб Банктің Жәнібек Әлімханұлына қиындық туғызуы мүмкін екені айтылды
08 Окт - 09:04 Бокс
Boxingnews24 Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін ықтимал жекпе-жегіне баға берді
07 Окт - 16:00 Бокс
Айдос Тастаев Үндістанда UBO Continental белбеуін жеңіп алды
05 Окт - 09:35 Бокс
Виктор Теміров кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді
02 Окт - 16:00 Бокс
Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
02 Окт - 12:05 Бокс
WBA рейтингінде төрт қазақстандық боксшы өз орындарын сақтады
30 Сен - 13:45 Бокс
Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы жекпе-жектерден кейін World Boxing ұйымына хат жолдады