УЕФА «Кайраттың» Чемпиондар лигасындағы жолын ерекше атап өтті

Кайрат

Фото: Новое Поколение

Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) өзінің ресми сайтында футзалдан Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы «Қайрат» пен Испанияның «Картахена» клубы арасындағы ойын туралы пікір білдірді. Ұйым мәліметінше, алматылық клуб төрт жылдық үзілістен кейін финалдық төрттікке оралып, 2015 жылдан бері қол жеткізе алмай келе жатқан үшінші титулына ұмтылуда.

УЕФА 2021 жылы «Барселонадан» жартылай финалда жеңілген құрамнан тек Эдсон, Біржан Оразов, Нарун Серіков пен Дәурен Турсағұлов қалғанын атап өтті. Сондай-ақ, Деннис Кавальканти көп жыл бойы Игита атқарған қақпашы-ойынқұрастырушы рөлін өз қолына алған. Финалдық кезеңге дейінгі жолда «Қайрат» алты матчтың бәрінде жеңіске жетіп, «Спортинг» пен Игита өнер көрсететін «Семей» секілді мықты қарсыластарды тізе бүктірді.

Сонымен қатар, УЕФА қазіргі бас бапкер Марлон Веласконың 2023 жылы команданы қабылдағанын еске салды. Бұған дейін ол Испания чемпионатында «Нойя» клубымен «Картахенаға» екі рет жол берген болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті
19 Окт - 10:00 Футбол
«Реал» Моуриньюдің орнына Дешамды қарастырып отыр
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді