Америкалық боксшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Джахай Такер

Джахай Такер. Фото: Fightmag

Орта салмақта өнер көрсететін америкалық боксшы Джахай Такер (14–1–1, 6 KO) біріккен әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен Қазақстанда жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Tha Boxing Voice басылымына берген сұхбатында айтты.

«Маған 24–25 жасқа толғанша Жәнібекпен айқасу керек. Мен оның еліне барамын, белбеулерін алып, үйіме қайтамын», – деді 22 жастағы боксшы.

Айта кетейік, Такер соңғы жекпе-жегін 5 сәуірде Лас-Вегаста өткізіп, британдық Трой Уильямсонды төрешілер шешімімен жеңген болатын. Дәл сол күні Астанада Жәнібек француз Анауэль Нгамиссенгені бес раундта тоқтатып, IBF және WBO чемпиондық белбеулерін қорғап қалды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Окт - 17:00 Бокс
Әлімханұлы Адаместің Zuffa Boxing-пен келісіміне қатысты пікір білдірді
10 Окт - 08:24 Бокс
WBO Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегін ресми растады
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
09 Окт - 09:15 Бокс
АҚШ-та Якоб Банктің Жәнібек Әлімханұлына қиындық туғызуы мүмкін екені айтылды
08 Окт - 09:04 Бокс
Boxingnews24 Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін ықтимал жекпе-жегіне баға берді
07 Окт - 16:00 Бокс
Айдос Тастаев Үндістанда UBO Continental белбеуін жеңіп алды
05 Окт - 09:35 Бокс
Виктор Теміров кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді
02 Окт - 16:00 Бокс
Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
02 Окт - 12:05 Бокс
WBA рейтингінде төрт қазақстандық боксшы өз орындарын сақтады
30 Сен - 13:45 Бокс
Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы жекпе-жектерден кейін World Boxing ұйымына хат жолдады