Шымбергенов ұлттық құрамадан уақытша тыс қалды

Шымбергенов

Фото: gov.kz

Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сатжанов Асланбек Шымбергеновтің жағдайы туралы айтып берді. Оның сөзінше, спортшы қазіргі таңда жаттығуды қайта бастаған.

«Асланбек қазір аздап жаттығып жатыр. Ол күзде өтетін Қазақстан чемпионатына қатысуы керек. Егер жүлдеге іліксе, ұлттық құрамаға қайта қосылады», – деді Сатжанов «Спорт Министі» арнасына берген сұхбатында.

Қазіргі таңда Шымбергенов құраманың қатарында жоқ, сол себепті 2025 жылғы оқу-жаттығу жиындарына қатыспайды. Алайда бапкердің айтуынша, ол туған өңірінде өтетін шағын жарыстарға қатысып жүр.

Айта кетейік, Асланбек – 2023 жылғы әлем чемпионы, 2022 жылғы Азия чемпионы, екі дүркін ел чемпионы. 2024 жылғы Париж Олимпиадасында ұлттық құраманың капитаны болған, бірақ жарысты алғашқы жекпе-жегінде аяқтаған еді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Окт - 17:00 Бокс
Әлімханұлы Адаместің Zuffa Boxing-пен келісіміне қатысты пікір білдірді
10 Окт - 08:24 Бокс
WBO Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегін ресми растады
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
09 Окт - 09:15 Бокс
АҚШ-та Якоб Банктің Жәнібек Әлімханұлына қиындық туғызуы мүмкін екені айтылды
08 Окт - 09:04 Бокс
Boxingnews24 Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін ықтимал жекпе-жегіне баға берді
07 Окт - 16:00 Бокс
Айдос Тастаев Үндістанда UBO Continental белбеуін жеңіп алды
05 Окт - 09:35 Бокс
Виктор Теміров кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді
02 Окт - 16:00 Бокс
Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
02 Окт - 12:05 Бокс
WBA рейтингінде төрт қазақстандық боксшы өз орындарын сақтады
30 Сен - 13:45 Бокс
Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы жекпе-жектерден кейін World Boxing ұйымына хат жолдады