Жәнібек пен Канело жекпе-жегі 2026 жылы өтуі мүмкін

Жанибек Алимханулы

Жанибек Алимханулы. Фото: Getty Images

DAZN платформасы орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы жекпе-жек 2026 жылы өтуі ықтимал екенін хабарлады.

Қазіргі таңда Канело 3 мамыр күні кубалық Уильям Скуллмен жұдырықтасып, абсолют чемпион атағы үшін таласпақ. Егер бұл кездесуде жеңіске жетсе, ол қыркүйекте Теренс Кроуфордпен айқасуды жоспарлап отыр. DAZN мәліметінше, Канело 2025 жылы екі жекпе-жекте де жеңіске жетсе, 2026 жылы Жәнібекпен кездесуге дайын болады.

Ал Жәнібек жуырда ғана француз Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутпен жеңіп, чемпиондық белбеулерін сәтті қорғаған болатын. Ол Канеломен күш сынасу үшін екінші орта салмаққа көтерілуге дайын екенін жасырмайды.

Бұл жекпе-жек екі мықты чемпион арасындағы тарихи кездесу болмақ. Қазақ жанкүйерлері үшін бұл – көптен күткен айқас.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
28 Авг - 13:04 Бокс
Санжар Тәшкенбай кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін Астанада өткізеді
28 Авг - 11:15 Бокс
Әлімханұлы Шираз үшін ең қауіпті қарсылас болуы мүмкін: британдық боксшыны ауыр сынақ күтіп тұр
26 Авг - 13:45 Бокс
Шираз Алимханұлына қарсы міндетті жекпе-жек алдында WBO белбеуінен бас тартуы мүмкін
24 Авг - 16:22 Бокс
Санжар Ташкенбай кәсіпқой бокста титул үшін жекпе-жекпен дебют жасайды
04 Авг - 17:55 Бокс
Қазақстан әйелдер құрамасының Азия ойындарына қатысатын құрамы белгілі болды
02 Авг - 15:20 Бокс
Рэймонд Мураталья IBF чемпионы атағын сәтті қорғады
02 Авг - 11:02 Бокс
Қазақстандық боксшы бұрынғы әлем чемпионына қарсы титулдық жекпе-жек өткізеді
26 Июл - 00:57 Бокс
Энтони Джошуа екі нокдауннан кейін камбэк жасап, мерейтойлық жеңісіне жетті
22 Июл - 12:19 Бокс
Дмитрий Биволдың келесі жекпе-жегінің өтетін күні белгілі болды
21 Июл - 17:55 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы жаңа салмақта «Канелоға» үндеу жасады