Даулет Орынбасар ЦСКА-ға ауысуы мүмкін

Даулет Орынбасар kff.kz

Даулет Орынбасар kff.kz

«Қайрат» клубының шабуылшысы және Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының ойыншысы Даулет Орынбасар алдағы уақытта Мәскеудің ЦСКА командасына ауысуы мүмкін.

Қазір қос клуб 16 жастағы футболшының трансферіне қатысты соңғы келіссөздерді жүргізіп жатыр. Қарама-қайшылық тек өтемақы көлеміне байланысты, дегенмен тараптар ортақ шешімге келуі әбден мүмкін.

Даулет әзірге «Қайраттың» негізгі құрамында да, Бірінші лигада ойнайтын «Қайрат-Жастар» сапында да алаңға шықпаған. Соған қарамастан, ол жасөспірімдер арасында өзін өте жақсы қырынан көрсетіп жүр.

Жас шабуылшыға ЦСКА-дан бөлек Хорватияның атақты «Динамо» (Загреб) клубы да қызығушылық танытып отыр. Еуро-24/25 іріктеу кезеңінде Қазақстан U-17 құрамасы сапында Орынбасар бес ойында үш гол соғып, екі нәтижелі пас берген.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 22:20 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Брюггеге» ірі есеппен жол берді
20 Янв - 15:19 Футбол
«Реал» Винисиустың қысқы трансферде кетпейтінін мәлімдеді
20 Янв - 08:25 Футбол
Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды
19 Янв - 10:00 Футбол
«Ақтөбе» Миралем Пьяничтің ауысымы бойынша келісімге келді
19 Янв - 08:29 Футбол
Сенегал құрамасы Кубок Африка турнирінің чемпионы атанды
18 Янв - 13:00 Футбол
Нани «Ақтөбе» клубына ауысуға жақын
18 Янв - 09:25 Футбол
Ислам Чесноков дебют жасаған матчта «Хартс» Кубок Шотландиясынан шығып қалды
17 Янв - 20:21 Футбол
Килиан Мбаппе Испания чемпионатында жаңа мергендік рекорд орнатты
17 Янв - 16:00 Футбол
Криштиану Роналду 2025 жылдың ең жоғары табыс тапқан спортшысы атанды
17 Янв - 13:05 Футбол
Александр Меркель алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді