Жұман Жұмабеков қырғыз файтерімен реваншқа өз шартын қойды

sportnews.kz

sportnews.kz

Қазақстандық файтер Жұман Жұмабеков Naiza.tv арнасында қырғызстандық Айжігіт Еркебайұлының шақыруына жауап берді. Оның айтуынша, реванш өткізуге қарсы емес, бірақ тек өз шарттарымен ғана келіседі.

«Егер Айжігіт шын ниетпен жекпе-жек өткізгісі келсе, мен оған өз талабымды айттым — салмақ 65 келі. Ол “сен Расул Мирзаевпен 70 келіде шықтың” дейді. Бірақ Расул басқа, Айжігіт басқа. Расулға құрмет ретінде келіскен едім, себебі ол лайық. Ал Айжігітке ондай жеңілдік жоқ», — деді Жұмабеков.

Ол алғашқы жекпе-жекте жеңілгенімен, өзі реванш сұрап отырған жоқ екенін атап өтті.

«Мен Nomad лигасында 6-0 көрсеткішпен бұрынғы чемпионмын. Сондықтан егер бұл жекпе-жекті өткізгілерің келсе — менің талабыммен ғана болады», — деп түйіндеді.

Айжігіт Еркебайұлы да қарап қалмай, сторис арқылы Жұманды 9 мамырда Nomad турнирінде реваншқа шақырды. Айта кетейік, алғашқы жекпе-жек Naiza ұйымы аясында өткен еді, онда Жұман нокаутпен жеңілген болатын.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
08 Сен - 15:05 ММА
Хесус Рамос-младший Мейірім Нұрсұлтановпен жекпе-жек алдында пікір білдірді
08 Сен - 09:15 ММА
Шавкат Рахмонов Хамзат Чимаевпен болған бұрынғы жанжал туралы айтты
07 Сен - 08:30 ММА
Шавкат Рахмонов UFC-де жеңгісі келетін қарсыласын атады
06 Сен - 11:02 ММА
Саладин Парнасс UFC-дегі дебютінде Дэн Хукерді мерзімінен бұрын жеңді
01 Сен - 21:21 ММА
Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі жекпе-жегінің уақыты мен орны белгілі болды
31 Авг - 08:30 ММА
Медғат Жақыпбек OPEN FC лигасының уақытша чемпиондық белбеуін иеленді
29 Авг - 17:31 ММА
Сонг Ядонг Шанхайда Нурмагомедовты нокаутқа түсірді: жекпе-жек осылай аяқталды
29 Авг - 11:55 ММА
Хамитов пен Махно жекпе-жегінің бесінші әрекеті сәтті бола ма?
29 Авг - 10:01 ММА
Дана Уайт Том Аспиналлдың UFC-ден кететіні туралы ақпаратты жоққа шығарды
21 Авг - 08:30 ММА
Шавкат Рахмоновтың жаттықтырушысы қазақстандық файтердің жаңа жаттығу видеосын көрсетті