Геннадий Головкин: жасы келгенімен, шеберлігімен биікте қалған боксшы

Геннадий Головкин

Геннадий Головкин

Боксқа арналған танымал vRINGe порталы 40 жастан асқан мықты спортшылардың рейтингін жариялады. Тізімнің көшін қазақ жанкүйерлеріне жақсы таныс Геннадий Головкин бастады.

GGG 2022 жылдан бері рингке шықпаса да, спорт әлеміндегі беделін жоғалтқан жоқ. Қазір ол Қазақстан ҰОК президенті қызметін атқарып жүр. Сарапшылар оның Олимпиада бағдарламасында бокстың қалуына қосқан үлесін ерекше атады.

Головкин соңғы жекпе-жегін мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен өткізді. Үш жекпе-жекте алғашқысы тең аяқталып, екеуінде Канело жеңіске жетті.

Бұл тізімде Артур Бетербиев, Сергей Ковалев, Баду Джек, Луис Ортис, Чжан Чжилей сынды тәжірибелі спортшылар да бар. Жастары келсе де, олар әлі де жоғары деңгейде жұдырықтасып жүр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар