Дастан Сәтпаев ұлттық құрамада рекорд орнатты

Дастан Сатпаев

Дастан Сатпаев

«Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтпаев Кюрасаоға қарсы ойында ұлттық құрама сапында алғаш рет алаңға шықты.

16 жас 7 ай 8 күнінде құраманың жейдесін киген ол Қазақстан тарихындағы ең жас дебютант атанды. Осылайша, ол Жамбыл Көкеевтің 2006 жылы орнатқан рекордын жаңартты. Ол кезде Көкеев 17 жас 4 ай 25 күнінде Иорданияға қарсы ойнаған болатын.

Жас шабуылшының бұл жетістігі Қазақстан футболының жаңа тарихына енді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру