Айдос Ербосынұлының рингке оралуы мүмкін бе?

Айдос Ербосынулы

Айдос Ербосынулы

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-1, 11 КО), бұрынғы WBO Global және WBC Asian чемпионы, сондай-ақ WBA белбеуіне үміткер болған спортшы үлкен спортқа қайта оралуы мүмкін. Бұл туралы оның соңғы мәлімдемелерінен аңғаруға болады.

Айта кетейік, Ербосынұлы 2022 жылдың қараша айынан бері жекпе-жекке шықпады. Сол кезде ол нокаутпен жеңіліп, ауыр бас-ми жарақатын алған болатын. Осыдан кейін спорттан уақытша қол үзіп, денсаулығын қалпына келтіруге күш салды.

Sportnews.kz ақпаратына сүйенсек, Айдос жуырда Данияр Елеусіновтің менеджері әрі All Stars Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Зия Алиевпен кездескен. Ал келіссөздің мән-жайы сұралғанда, ол: «Күтіңіздер. Бұл – дауыл алдындағы тыныштық», – деп жауап берген.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 19:43 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы допингтің барын растады
20 Янв - 17:14 Бокс
Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің көшін бастап тұр, алайда чемпиондық жекпе-жек әлі өтпеді
17 Янв - 18:01 Бокс
ESPN салмақ дәрежесіне қарамастан әлемдегі үздік боксшылар рейтингін жаңартты
13 Янв - 15:45 Бокс
Қазақстандық боксшы кәсіби спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
13 Янв - 13:22 Бокс
Райан Гарсия WBC чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді
13 Янв - 09:55 Бокс
Қайрат Сәтжановтың қызы әкесінің қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді
12 Янв - 09:01 Бокс
Бек Нұрмағанбет келесі жекпе-жегінің наурыз айына шегерілгенін хабарлады
11 Янв - 09:11 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының допинг ісі бойынша тыңдау 2026 жылдың қаңтарына белгіленді
09 Янв - 12:55 Бокс
Бекзад Нұрдәулетов боксшы ретіндегі мансабын аяқтағанын мәлімдеді
06 Янв - 17:20 Бокс
Энтони Джошуа кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтады