Жәнібек Әлімханұлы болашағы жайлы ой бөлісті

Жанибек Алимханулы

Жанибек Алимханулы

Орта салмақта WBO және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) алдағы жекпе-жегі алдында ойымен бөлісті.

Ол Х әлеуметтік желісінде:

“Барлығы өз уақытында келеді. Егер ол сенің бағың болса, сенен қашпайды. Тек сабыр ету керек” деп жазды.

Бұл сөздер оның көптен күткен мықты қарсыластарымен айқасы мен титулдарды біріктіруге деген үмітін білдіруі мүмкін.

5 сәуірде Астанада Алимханұлы франциялық қарсылас Анауэль Нгамиссенгемен жұдырықтасады. Бұл оның 2024 жылдың қазан айынан бергі алғашқы жекпе-жегі болмақ.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру